Spread the love

Ганиковский Игорь Семёнович Мәскеулік болат және қорытпалар институтын бітірген (1972). Германияның Бохум қаласында тұрып еңбек етеді. 1976 жылдан бастап ресейлік және шетелдік көрмелерге қатысады, суретшінің жеке көрмесі 1996 жылы Markisches Museum Witten, Виттен, Германияда өтті.

Өзінің абстракциялық кескіндеме шығармаларында Игорь Ганиковский күрделі түстік үйлесімдер мен композициялық жағынан геометриялық пішіндерді қолданады. Соның өзінде суретші метафизикалық философиялық проблематикаға, діни символика, адамның мәңгілік құндылықтарға деген ізденісіне баса назар аударады. Көрмеде суретшінің «Шеру» атты жұмысы қойылған.

Scroll to Top