Бялыницкий-Бируля Витольд Каэтанович орыстың лирикалық пейзажының рухани, поэтикалық тенденциясын жалғастырып дамытты.
Могилев губерниясының Крынки ауылында Бялыницкий-Бируля дүниеге келді. Ол Киев сурет мектебінде Н. Мурашкодан, содан кейін Мәскеу кескіндеме, мүсін және сәулет училищесіңде С.А. Коровин, В.Д. Поленов, И. М. Прянишниковтан оқыды. Суретшінің талантының ашылуына И.И. Левитан ықпалына зор болды.
1898 жылдан бастап В.К. Бялыницкий-Бируля Жылжымалы сурет көрмелеріне белсене қатысады. 1908 жылдан бастап кескіндеме академигі.
Суретші пейзаж өнерінде табиғатты қабылдауда қарапайымдылықты сақтай білуді ерекше бағалаған. «Күзгі күндер мұңы» картинасы шынайылық пен лиризмге толы.
