Синезубов Николай Владимирович — суретші, график, портреттердің, жанрлық картиналардың, натюрморттардың авторы. Кітаптар мен журналдардың иллюстраторы. Эстамптардың авторы.
Мәскеуде туып-өскен. Университетте заң факультетінде және Мәскеу кескіндеме, сәулет және мүсін училишесінде қатар оқыды (1912-1917).
1917 жылдан — «Мәскеу суретшілер серіктестігінің» мүшесі, 1921-1922 жылдары – «Өнер әлемі», 1922-1926 жылдары – «Маковец» бірлестігінің мүшесі.
«Маковец» бірлестігінің суретшілері ежелгі мифология арқылы «романтикалық бейнелердегі жаңа шындықты» түсінуге деген ұмтылыспен сипатталды. Бұл бірлестіктің белсенді қатысушысы Николай Синезубовтың «Оянып келе жатқан Венера» картинасы.
