Пимоненко Николай Корнильевич — суретші-передвижник, украиндық шаруаларының тұрмысын бейнелеп көрсеткен суретші.
Киев көркем суретшісі, ол 1882 жылдан 1884 жылға дейін Киев сурет мектебінде, Өнер академиясында оқыды, кейін денсаулық жағдайына байланысты оқудан шығып кетеді.
1904 жылдан – академик, Оңтүстік орыс суретшілер серіктестігінің мүшесі, 1899 жылдан – Жылжымалы өнер көрмелері серіктестігінің мүшесі, 1909 жылдан — Мюнхен суретшілер қоғамының және Париж халықаралық өнер және әдебиет Одағының мүшесі.
Николай Пимоненко — ұлттық украиндық тақырыбындағы көптеген картиналардың авторы. Халық өмірінің күнделікті көріністеріне артықшылық бере отырып, суретші әдеттегі халықтық образдарды жаңғыртудың шындығы мен кеңдігіне ұмтылды. Шебердің бұл ұмтылысы «Кір жуушы» жұмысында да айқын көрінеді.
