Шишкин Иван Иванович — орыс кескіндемешісі, суретші және гравёр-офортист, XIX ғасырдың екінші жартысындағы реалистік пейзаждың басты шеберлерінің бірі. Академик, профессор, Императорлық Өнер академиясының пейзаж шеберханасының жетекшісі. Көшпелі көркемөнер көрмелері серіктестігінің құрылтайшы мүшелерінің бірі.
1852 жылы Мәскеу кескіндеме, мүсін сәулет училищесіне оқуға түсті. Училище курсын бітіріп, 1857 жылдан бастап императорлық Өнер академиясында білімін жалғастырды, онда пейзаж профессоры С. Воробьевтің сыныбында оқыды.
Иван Шишкин графика өнеріне де көп зейін қойып, аса сүйіспеншілікпен айналысқан. Аралас техникада (соус, ақ сыр) орындалған туындылар ерекше сулулыққа толы, мұнда суретші үлкен жұмсақтыққа, әдемілікке, әр түрлі реңк градациясына қол жеткізеді. Мұндай жұмыстарға жинақтың ең жақсы картиналарының бірі «Ормандағы қыс» жатады.
