Spread the love

Щедрин Сильвестр Феодосиевич – тек орыс бейнелеу өнерінде ғана емес, сонымен қатар батысеуропалық кескіндеме тарихында да танымал суретшілердің бірі.

Дарынды өнер отбасынан шыққан, оны тоғыз жасынан бастап Өнер академиясына береді. Ол Санкт-Петербург Академиясынан кеткен соң Италияда 10 жылдан астам өмір сүреді және талантының шыңында қайтыс болады. Өз кезегінде романтикалық суретші ретінде танылып, Еуропадағы ең жақсы суретшілердің бірі болып атанады. Ол Ресей үшін пленерлық кескіндемені бірінші болып ашты.  

Сильвестр Щедриннің қылқаламымен суреттелген күнделікті өмір басқа сарынға ие болады. Классикалық кескіндеменінің тұтастығы мен мазмұндылығын сақтай отырып, орыс кескіндемесінде бұрын болып көрмеген романтикалық пейзаждар жазды.

Шебердің экспозицияда ұсынылған «Күн батардағы Неаполь маңындағы көрініс» жұмысы шынайы сезімге толы.

Scroll to Top