Урманче Баки Идрисович – суретші, мүсінші, график, фотограф. РСФСР Халық суретшісі, ТАССР Халық суретшісі, Қазақ КСР еңбек сіңірген суретшісі. Габдулла Тукай атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты (1967). КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Татарстан Республикасының кәсіби бейнелеу өнерінің негізін қалаушы.
Қазан губерниясының Күл-Черкен ауылында молда отбасында дүниеге келген. 1919 жылы қазан көркемсурет мектебіне түсіп, Мәскеудегі жоғары көркемсурет-техникалық шеберханаларда оқуын жалғастырды. Ол бірден екі: кескіндеме және мүсін факультеттінде оқыды. Ұзақ уақыт Алматыда тұрып, жұмыс істеді. Баки Урманче татар және қазақстандық суретші болып саналады.
«Мен өз халқыммен бірге өмір сүремін, олардың қайғысы да бақыты да менікі. Мен соларды ойып тұрып өз жұмыстарымда көрсетіп айтқым келеді. Олардың батырлары мен суретшілерін, күресшілері мен ақындарын, жастық шақ туралы, махаббаттары мен еңбектері жайлы», — деді Баки Урманче. Бұл ойларды «Абай портретіне эскиз» атты музей қорындағы картинасында жеткізген.
