Spread the love

Жанатай Шарденов — кескіндемеші. Қазақстан Республикасының Халық суретшісі. КСРО Суретшілер Одағының мүшесі.

Целиноград облысы, қазіргі Ақмола облысы, Ковыленко ауылында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, Қазіргі Ө. Таңсықбаев атындағы көркемсурет колледжін бітірген. Е. Репин атындағы Ленинград кескіндеме, мүсін және сәулет институтында ерікті тыңдаушы ретінде оқыды. 1955 жылы Алматыға оралып, республиканың көркемдік өміріне белсене араласты.

Оның туындылары қарқын пастозды бояулар түсірумен, нәзік үйлескен түсімен, әсерлі көңіл-күйімен оңай танылады. Ол ашық жарқын түстерді пайдаланудан бас тарта отырып, күрделі түстердің – ашық күлгін, қоңыр-сарғыш, көкшіл-сұр түстердің жұмсақ құлпыруларында тартымды сұлулықты тапты. Шарденовтың өзіндік жазу тәсілі – оның жарқын жеке ішкі әлемін, табиғатты қабылдауын білдіру. Музей жинағында суретші «Қала қалқаны» туындысымен ұсынылған.

Scroll to Top