Ақанаев Амандос Әтибекұлы – кескіндемеші. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.
Алматы облысы И. Мичурин атындағы колхозда дүниеге келген. 1968 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітіріп, М. Калимов пен М. Кисамединовтан оқыды. Алматыда тұрады және жұмыс істейді.
Ақанаевтың шығармашылығында белгілі бір көркем тілде сөйлесуге, түс, текстура, ритм арқылы өз сезімдерін жеткізуге деген ұмтылыс байқалады. Бұл «Монша» картина.
