Махно Олександр Степанович – кескіндемеші, график. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.
Семей қаласында туған. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтын және Львов сәндік-қолданбалы өнер институтын бітірген. 1990 жылдардың аяғынан бастап бейнелеу өнерінің әртүрлі жанрларында: кескіндеме, графика, мүсін, қабырға суреті, иконографияда көп және жемісті жұмыс істеген.
Өз жұмысында О. Махно ежелгі шеберлердің кескіндеме техникасының жақтаушысы болып табылады, ол сәуле мен көлеңкенің үйлесімділігінде, толыққанды және нәзік жазылуында, ұсақ-түйектерге мұқият қарап, назар аударуында көрінеді. Шебердің туындылары туған жерге, қазақ халқының мәдениетіне деген сүйіспеншілік пен құрметпен ерекшеленеді. Мысалы, музей коллекциясының «Аптапочки» атты картинасы.
