Spread the love

Фридлин Евгений Анатольевич – суретші-кескіндемеші. «Жаңа есімдер» байқауының лауреаты (1999). «Шабыт» фестивалінің А. Исмаилов атындағы атаулы сыйлығының Лауреаты (Астана, 2003). Павлодар облысы әкімінің грантымен марапатталған (2000). 

Павлодарда туған. 2000 жылы Павлодар көркемсурет колледжін бітірген. Ұжымдық және жеке көрмелерге қатысушы.

Евгений Фридлин натурадан жұмыс істегенді жөн көреді. Суретші бояулар толығымен құрғағанға дейін бір сеанста сурет салған кезде өзінің нәзік және бір сәттік сезімдерін «а-ля прима» техникасымен бейнелейді. Шебердің көркем картиналары суретшінің көңіл-күйі берілген табиғи әсерді дәл бейнелеуімен жазылған.

Фридлиннің лездік әсерден туындаған картиналары өмірлік эмоционалды сарынға, сондай-ақ автордың көзқарасына, оның таңданысына толы. Музей экспозициясында ұсынылып отыррған «Таң» картинасы да жарық пен жылу сезіміне толы.

Scroll to Top