Шмидт Виктор Фёдорович – кескіндемеші.
Семей қаласында туған. 1983 жылы Семей педагогикалық институтын, көркемсурет-графика факультетін бітірген. Невзоровтар отбасы атындағы облыстық өнер музейінде экскурсовод, облыстық тарихи-өлкетану мұражайында суретші болып жұмыс істеді. Ф.М. Достоевский атындағы облыстық драма театрының бас суретшісі. 1986 жылдан ұжымдық және жеке көрмелерге қатысушы.
Виктор Шмидт шығармашылығының негізгі тақырыбы-адам, оның ішкі әлемі, таңдауы, күйзелісі мен үміті. Суретші үшін түс, композиция, сызық, фактура және әртүрлі материалдарды қолдану өте маңызды. Оның шығармалары философиялық сипатта, бейнелі-пәндік стильді сақтайды. Виктор Фёдорович абстрактілі кескіндемеде де көп жұмыс істейді. Адам және оның өмір жолы туралы философиялық ойларға толы «Арба» жұмысы.
