Воробьёва Елена Ивановна – суретші-кескіндемеші, график, фотограф, инсталляциялардың, видеоарттардың, перформанстардың авторы.
Түрікменстанның Небит-Даг қаласында (қазіргі Балқанабад) дүниеге келген. 1979 жылы Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесінің безендіру бөлімін, 1990 жылы Алматы театр-көркемсурет институтын, монументалды-сәндік кескіндеме бөлімін бітірген. Қалалық, республикалық, халықаралық көрмелер мен жобалардың белсенді қатысушысы. Алматыда тұрады және жұмыс істейді.
Елена Воробьева әртүрлі әдістер мен жанрларды қолданады, нәтижесінде көп қабатты және жиі ирониялық туындылар пайда болады. Фрагментерді бейнелеу арқылы тұтастық туралы негізгі ойды тұжырымдауға келеді. Суретші күнделікті өмірдің эфемерлік және көрінбейтін бөлшектерін, жеке сипаттамаларын, кейде байқалмайтын заттар мен құбылыстарды бейнелейді. Өте жеңіл және ирониялық тәсілді қолдана отырып, Воробьева қоршаған шындықты жаңа тәсілдермен ұсынады, оның әлеуметтік және мәдени астарын ашады. Сондай жұмыстардың бірі «Триумф» картинасы.
