Spread the love

Григорьян Владимир Георгиевич – суретші-кескіндемеші, график, сәндік-қолданбалы өнер шебері. «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталған. Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі.

Бакуде дүниеге келген. 1990 жылы Абай атындағы Алматы педагогикалық институтының көркемсурет-графика факультетін бітірген. Өңірлік, республикалық, халықаралық көрмелерге қатысушы.

Библиялық сюжеттер – Владимир Григорьянның жұмысының ерекше тақырыбы. Шебер үнемі әлемді құру, дүниенің жаралуы тақырыбына жүгінеді. Кескінді таңдағанда, суретші эстетикалық сезімге сүйенеді, ал оны жүзеге асырған кезде үйлесімділікке қол жеткізіп, қарапайым заттар мен тіршілік иелеріне киелі, жоғары, таңғажайып мағына мен махаббат сыйлайды. Владимир Григорьянның осындай жұмыстарының бірі — «Бірге».

Scroll to Top