Spread the love

Меңлібаева Алмагүл — суретші, видеоәртіс, кино қоюшы-суретші, перформанс мен инсталляциялардың авторы. «Тарлан» және «Дарын» сыйлықтарының лауреаты.

Алматыда дүниеге келген. 1984-1985 жылдары Ғани Баяновтан жеке сабақтар алды. 1985 жылдан 1987 жылға дейін суретші Сергей Масловтың бейнелеу студиясына барды. 1992 жылы Жүргенов атындағы мемлекеттік театр-көркемсурет институтын, сәндік-қолданбалы өнер бөлімін бітірген. 1987-1995 жылдары «Зелёный треугольник» тобы құрамына кіреді. Берлин мен Алматыда тұрады және жұмыс істейді. Қалалық, республикалық, халықаралық көрмелердің белсенді қатысушысы.

Меңлібаеваның өнеріне  таңбалық-бейнелі жүйесі тән. Шебер ежелгі түркілердің мифологиялық сюжеттерін түпкі санадан алынатын бай қиял арқылы дүниеге әкеледі . Оның  импровизациялары  пұтқа табыну, шамандық дәстүрге ұқсас.  Алмагуль Менлибаеваның  шығармашылығында белгілі бір жануардың сипаттамалары жоқ кездейсоқ бейнелер, мифтік жаратылыстарды көруге болады. Бұл – қиял әлемі, балалар ертегілері, армандар, мәңгілікке деген ұмтылыспен үйлесімін тапқан. Осындай сюжет желісінде салынған «Композиция» картинасын музей экспозициясында көре аласыздар.

Scroll to Top