Баранов Константин Яковлевич – суретші, график. КСРО Суретшілер Одағының мүшесі. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Ұлы Отан соғысының қатысушысы.
Нижний Новгород губерниясының Үлкен Козино ауылында дүниеге келген. 1927-1930 жылдары Иркутскідегі И.Л. Копыловтың көркемсурет шеберханасында оқыды. 1947-1956 жылдары Алматыдағы Қазақ мемлекеттік баспасының бас суретшісі. 1948-1951 жылдары -Қазақстан Суретшілер Одағының басқарма төрағасы. Қазақстандық графиканың дамуына елеулі үлес қосты.
Шебердің жұмысында станоктық графика маңызды орын алады. Константин Барановтың еңбектерінде екі тақырып — этнографиялық және индустриялық тақырыптар айқын көрініс тапты. Көбінесе ол жеке парақтарды емес, шығармалары қысқа, жеңіл, лирикалық көңіл-күйге толы серияларды жасайды. Музей жинағындағы жандылығымен және орындау шеберлігімен ерекшеленетін «Парақ-II» «Балқаш балықшылары» топтамасынан «Күту» парағын атап өтпеуге болмайды.
