Александр Калам — швейцариялық суретші, гравер-оюшы және литограф, ХІХ ғасырдың ортасындағы кеш романтизмнің ең танымал пейзаж суретшілерінің бірі. Мәрмәр оюшының отбасында дүниеге келген. 15 жасынан бастап банкте жұмыс істеді. Ол жас кезінен сурет салумен айналысты. 1829 жылы жұмыс беруші банкир Диодатидің қаржылық қолдауымен суретші Франсуа Дидеден сабақ алды. Каламның пайда болуымен әлем «альпілік пейзаж мектебі» туралы айта бастады. Ол XVII ғасырдың классикалық пейзажымен салыстырғанда жаңа сипаттама жүйесін қалыптастырады. Калам өзінің пейзаждарын шеберханада «құрастырды», бірақ әдемі натуралық этюдтердің арқасында оның пейзаждары өмірдің табиғи және тірі тынысын сақтап қалды.
Александр Каламның шығармашылығымен музей коллекциясындағы «Альпі пейзажы» полотносы таныстырады. Бұл су айдынын таулар мен ормандар қоршап тұрған романтикалық көрініс, ал жолаушының кішкентай фигурасы табиғаттың құдіретті ұлылығына қарсы адамның кішілігіне баса назар аудартады.
