Қаржасов Ғабдыл-Ғалым Насырұлы — кескіндемеші. Президенттік стипендия стипендиаты, «Мастер-класс Қазақстан 2000» халықаралық өнер фестивалінің лауреаты, КСРО және ҚР Суретшілер Одағының мүшесі.
1954 жылы Павлодар облысында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін (қазіргі О. Таңсықбаев атындағы) А. Жұбанов, М. Ғалымов, А. Ақанаев сияқты оқытушылардан бітірген. 1980 жылдан бастап Павлодарда тұрып және жұмыс істеген. Республикалық және халықаралық көрмелерге қатысушы.
Қазақ халқының сәндік-қолданбалы шығармашылығының дәстүріне сүйене отырып, колористикалық қабілетті меңгерген шебер пластикалық және образдық жүйеде өзінің стилистикасын құрайды. Еркіндік және шығармашылық тәуелсіздік композицияда да, суретшінің жазу тәсілінде де оқылады. Осындай жұмыстарының бірі «Жылы кеш» картинасы.
