Невзоровтар отбасы атындағы музей Евгений Викторович Суховтың мезгілсіз қайтыс болуына байланысты қатты қайғырып және суретшінің туған-туыстарына көңіл айтады.
Евгений Викторович Сухов біздің қаламыздың танымал суретшілерінің бірі, тамаша сурет салушысы және кескіндемеші болды.
Оның лирикалық пейзаждары, тамаша портреттері, виртуозды орындалған графикалық жұмыстары біздің қаламыздың, сонымен қатар бүкіл Қазақстанның бейнелеу өнері тарихының бір бөлігі болып қалады!
Академиялық көркемсурет мектебінің дағдысын меңгерген шебер, тамаша педагог. Ол бүкіл әлем бойынша жұмыс істейтін талантты оқушыларды тәрбиелеп және олардың көпшілігі қазіргі уақытта сауатты суретші-педагог атанған.
Дарынды суретшілердің ұлы, көп балалы әке, дарынды балалар мен немерелердің атасы, Невзоровтар музейінің досы!
Жақын дос және көптеген суретшілердің ұстазы ретінде, ол біздің жүрегімізде және біздің экспозицияымызда лайықты орын алатын тамаша суреттерімен бізбен мәңгі бірге қалады.