Абай облысының Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейіндегі түн. «Көпес Степановтың үйі»
Тарихи!!!! Он үшінші!!!! 2025 жылы Невзоровтар «Музей түні» бүгінде музей орналасқан көпес Степановтың бұрынғы үйіне арналған. 1870 жылдары салынған бұл ғимарат бір кездері қаланың мәдени өмірінің орталығы болған. Бұл ғимарат қызықты адамдардың өміріне, оның қабырғасында музыка шырқалып, қабырғаларын суреттер безендірген бөлмелерде тек сауда туралы ғана емес, өнер туралы да айтылғанына куәгер. Мұнда әртүрлі адамдар тоқтаған. Бұл үйде қалада алғаш рет рояль, үй театры пайда болып, әдеби кештер ұйымдастырыла бастады.
Қазір — Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі. Ол өзінің коллекциясымен танымал, оны көпшілік жақсы көреді, құрметтейді және таниды. Сондай-ақ, музей өзінің ауқымды оқиғаларымен танымал, осындай оқиғалардың бірі – «Музей түні». Он екі рет ол осы үйдің қабырғаларында өтті. Он екі түрлі тақырып. Міне, он үшінші, ол уақыт порталына айналып келушілерді ХІХ ғасырға «саяхаттауға» жібереді. Кезінде саудагер тұрған бұл үйдің өзінің тарихы, өзінің тыныс-тіршілігі, күнделікті оқиғаларға толы болған.
Осы Музей түні көрмелер, спектакльдер, концерттер, шеберханалар, тіпті Түнді ұйымдастырушылар мен оның келушілері киген костюмдері XIX ғасыр туралы сыр шертеді. Көшеде шөп пен қаптар тиелген арба тоқтап тұр, Городовой алаңға келген қонақтарды қарсы алуда, ал Офеня келушілерге тоқаштар таратып, Музей түні бағдарламасымен таныстырып жүр. Киіз үй орналасқан жақтан домбраның күмбірі естілуде, маңында балалар асық атып, бес тас ойнап, мәре-сәре болуда.
XIX ғасырдың атмосферасы қазіргі заманның реңкімен үйлесім табуда. Қазіргі балалар – музейдің Балалар өнер студиясының оқушылары мольберттерге сурет салып, дағдыларын жетілдіруде, олардың жанында Шеберлер қаласы орналасқан және де ол жерде әркім өз қалауы бойынша білезік немесе тоқылған ойыншық немесе басқа әшекей сатып ала алады.
Түн тақырыбына қатысты музей шараларының да бағыты бір. Көптеген мастер-кластар іште де, сыртта да өтіп жатты. Өлкетанушылар петроглифтер туралы айтып, қылқаламсыз тактильді сурет салуды үйретеді. Суретші Ольга Неудачина қыш тақташаларды қалай бояуға және олармен пешті қалай безендірудің қыр-сырымен бөлісті. Галия Сарсембина кітаптарға бетбелгі жасауды үйретеді, ал «Мирас» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жастары халықтық татар қолөнері мен ескі каллиграфияның амалдары туралы айтады. Шақырылған шебер Фарида Өмірбаева сазбен жұмыс істеуге үйретеді. Оның мастер-класында келушілер әдемі ысқырық жасап үйренді, ал «YELLOW» өнер студиясының оқытушылары «Талғампаз әдемілік ғасырын» еске түсіріп, көне костюмдер суретін салды.
Көпес Степановтың заманындағыдай, үйде спектакльдер өтуде. Латиф Хамиди атындағы №1 балалар музыкалық мектебі музейге «Шыбынке-шыбынгүл» ертегісімен келді. Мұнда ең жас музыкант, небәрі 4 жаста! Олардан кейін көрермен «Андрей мен Анастасия Глушковтың Жаңа студиясының» актерлері «Степанов. Рухани және пендешілік өмір» қойылымын қойды. Көрші залда «Жас Ұлан» ерлер лицейінің студенттері қатысатын бал және ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басындағы әлемді өзгертуге ұмтылған әйелдердің образдарынан шабыттанған «Ғасыр көрінісі» деп аталатын Ева Симараның әйелдер киімінің дефилесі өтіп жатты. Ал анфиладада И. Шишкиннің, А. Саврасовтың және И. Левитанның картиналарының айналасындағы рояль артындағы музыканттар концертін тамашалаған көрермендерді көруге болады. Бұл қаладағы Балалар музыка мектебі мен музыка училищесі мұғалімдері мен студенттерінің концерті.
Ал, енді бейнелеу өнерінің түні көрмелерсіз өте ме! Төрт көрме – «Қала тарихы жанымызда», «Естеліктер», Виктор Шмидттың «Ескі қаланың түсті тұмандары» атты жеке көрмесі, «КирпичЪ. Мағынасы бар экспозиция» көне кірпіштер көрмесі көрермендердің назарын аудартты. Музей түнінің ең маңызды сюжеттік желісін құраған, ХІХ ғасырдың тыныс тіршілігін сезінуге мүмкіндік берген — көпес Степановтың мемориалдық бөлмесі. Мұнда сіз тек антикварлық жиһаздар мен ыдыс-аяқтарды ғана емес, сонымен қатар бір кездері осы қабырғаларды безендірген картиналардың репродукцияларын көре аласыз.
Невзоровтар музейі көпес Степановтың кезіндегідей, бүгінде бар өнердің меценаттарына өте риза. Өнерді терең түсінетін тамаша жандар Айгүл Қасенқызы және Ерік Тоқтағанұлы Әубәкіровтерге алғысымыз шексіз.
Невзоровтар отбасы музейіндегі түн әрқашан жарқын, есте қаларлық оқиға болып табылады, ал бүгінде бұл музейдің әрбір қызметкерінің күш-жігерімен мүмкін болатын уақыт саяхаты. Ұмытылмас түн болды!!!!


































