Домбыра мерекесі

Невзоровтар музейінде кезекті айтулы оқиға орын алды. Екі күн бойы, 16 және 17 шілдеде музей Шығыс Қазақстан облысының Семей өңірінің сәндік – қолданбалы өнер шебері қонақтарын қабылдады. Бұл «Қазақ ұлттық қолөнерінің мерекесі» алтыншы аймақтық фестивалі болды. Дәстүр бойынша ол Наурыз мерекесі күндері екі жылда бір рет өткізіледі. Алайда биыл ұйымдастырушылар оны тақырыптық етіп, домбыра бейнесіне арнады.

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өңір қолөнершілерінің шығармашылығын қолдау және дәріптеу мақсатында өткізілді. Іс-шараның басты оқиғасы «Халық қазынасы киелі мұрасы» атты домбыраның көрме — байқауы болды, ол «домбырашылар» шеберлеріне өздерінің кәсіби шеберліктерін көрсетуге бірегей мүмкіндік берді. Өскемен, Семей, Тарбағатай, Зайсан, Ақсуат, Марқакөл, Ұлан, Аягөз, Бесқарағай жерінен келген 17 қатысушы көрермендер назарына түрлі пішіндегі және конфигурациядағы 37 аспапты ұсынды.

Көрменің ашылуына мерекенің құрметті қонақтары — Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің сәндік-қолданбалы өнер кафедрасының профессоры (Алматы қ.), ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, халық музыкалық аспаптар шебері Тұрдығұлов Жолаушы Әбілғазыұлы қатысты. Сондай-ақ, іс-шараның демеушісі Дускужанова Сауле Жумашевна. Демеушілеріміздің  игі істерінің арқасында музыка мен шығармашылықтың тамаша мерекесі өтті. Олар байқауға қатысушыларды қарсы алып, оларды бағалы сыйлықтармен және жоба ұйымдастырушыларының алғыс хаттарымен марапаттады.

Музей қызметкерлері ұйымдастырған шығармашылық кездесу — Жолаушы Тұрдығұловтың шеберлік класы да өте танымды және қызықты болды, онда фестиваль қатысушылары жаңа қазақстандық брендті жасаушылардың алдында тұрған міндеттер мен мәселелерді талқылады. Әрине, фестиваль олар үшін маңызды шығармашылық бағдар болады.

Естеріңізге сала кетейік, көрме музейде бір ай бойы қойылады.

Scroll to Top