Мектептегі орыс тілі апталығындағы музейлік сапар

Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі тек өз залында қонақтарды қабылдап қана қоймай, көрмелер мен дәрістермен мектептерге шығып, шығармашылық кездесулер өткізеді. Музей қызметкерлері кез келген көрерменмен ашық қарым-қатынас жасауға әрдайым дайын.

Осы жолғы жылжымалы көрме №50 ЖОББМ ММ-де өтті, мұнда музей мектептің орыс тілі мен әдебиеті апталығы аясында ұйымдастырылған іс-шараларға белсенді қатысты. Музей қызметкерлері Ж. Ж. Абешова мен Ю.В. Сивашова орта мектеп оқушыларына XVIII–XX ғасырлардағы орыс суретшілерінің шығармалары туралы әңгімелеп, коллекциядағы туындылардың факсимильдік репродукцияларын таныстырды. А. Боголюбов, К. Брюллов, И. Левитан, И. Шишкин және орыс өнерінің әр кезеңінде көркемдік бет-бейнесін анықтаған көптеген ірі шеберлердің түпнұсқа туындыларын әркім әрдайым көре бермейді. Қазіргі өмірдің ырғағы мен қарбаластығы кейде музейге баруға мүмкіндік бермейді. Осындай жағдайда факсимильдік көшірмелерден тұратын жылжымалы көрме – өнерді мектепке жеткізудің, оны жақындатудың және мүмкіндігінше көп көрерменге таныстырудың тамаша мүмкіндігі.

Көрмені шамамен 300 адам көріп тамашалады. Балалар экскурсия жетекшісінің әңгімесін зор қызығушылықпен тыңдап, өз әсерлерімен бөлісіп, сұрақтар қойды. Орыс және қазақ тілдерінде өткен экскурсия барысында экскурсия жетекшілері орыс өнерінің дамуы тарихына, суретшілердің шығармашылық тағдырларына тоқталып, оқушыларға картинаның тілін сезінуді, оның сырын түсінуді үйретті

Мұндай кездесулер оқушылардың дүниетанымын кеңейтумен қатар, бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілікті оятып, мәдени мұраға құрметпен қарауға тәрбиелейді. Сондықтан музей болашақта да мектептермен тығыз байланысын үзбей, осындай жылжымалы көрмелер арқылы жас көрермендер мен ұстаздардың жүрегінде шынайы шедеврлерді көруге құштарлықты оятып, бір күні бос уақыт тауып, музейге келіп, өнер әлеміне бойлайтын мүмкіндікті туғызуды көздейді.

 

Scroll to Top