Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі қазақстандық танымал суретшілердің шығармашылығы туралы дәрістер оқиды.
Музей маманы 28738, 54770, 36803, 30217 бөлімдерінің әскери қызметкерлерін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық құжатының негізгі бөлімдерімен таныстырды,және де Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейі туралы танымдық мәлімет берді.
Ел басының бағдарламалық мақаласында:«Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты – сол ұлттық кодынды сақтай білу. Ұлттық код,ұлттық мәдениет сақталмаса,ешқандай жаңғыру болмайды.Онсыз жаңғыру дегеніңіздің құр жаңғырыққа айналуы мүмкін…» деп белгіленген.
Ұлттық мәдениетіміздің һас шеберлерімен таныстыру ретінде «Әбілхан Қастеевтің әлемі» атты тақырыпты дәріс оқылды.300 ден астам әскери қызметкерлері Қазақ КСР суретшісі, ең алғашқы қазақ суретшісі,Әбілхан Қастеевтің өмірі мен шығармашылығымен танысты.Дәріс оқу үлкен слайдбағдарламаның қоса жүргізілуімен өтті.Осы іс-шараның мақсаты – қазақ бейнелеу өнерін насихаттау және дәріптеу..«Туған жерге,оның мәдениетіне,дәстүріне айрықша іңкәрләкпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көрінісі».
«Біз ХХІ ғасырдың жаһандық картасында ешкімге ұқсамайтын, дербес орны бар ұлт боламыз десек, әлем бізді мәдени жетістіктерімізбен тануы керек» Н.Ә.Назарбаев.