Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің директоры Татьяна Александровна Стромская мемлекеттік марапаттың иегері атанды
Қазақстан Республикасының Республика күні мерекесіне орай Абай облысында мәдениет, бизнес, өнеркәсіп және білім салаларының дамуына айрықша үлес қосқан азаматтарды марапаттау рәсімі өтті. Мемлекеттік марапаттарды облыс әкімі Берік Уәли табыстады.
Марапатталғандардың қатарында Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің директоры Татьяна Александровна Стромская да бар. Ол «Абай облысына сіңірген еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бұл марапат – Татьяна Александровнаның көпжылдық еңбегінің, өнерге адалдығы мен Абай облысында музей ісін дамытуға қосқан зор үлесінің мойындалуы. Татьяна Александровнаның басшылығымен Невзоровтар отбасы атындағы музей өңірдің жетекші мәдени орталықтарының біріне айналды, дәстүр мен заманауи өнер тоғысқан ерекше шығармашылық кеңістікке айналып отыр.
Музей ұжымы Татьяна Александровнаны осы лайықты марапатымен шын жүректен құттықтайды! Өнерге деген сүйіспеншілігі мен шабыт берер үлгісі арқылы баршамызға өнеге болып жүрген осындай тұлғамен бірге еңбек етіп жүргенімізді зор мақтаныш санаймыз.
Бұл марапат Сіздің елеулі еңбегіңізге деген алғыс пен құрметтің айғағы болсын, қадірлі Татьяна Александровна! Сізге зор денсаулық, шабыт және туған өлкенің мәдениеті мен өнерін өркендету жолындағы жаңа жетістіктер тілейміз.
Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің ұжымы.




