Өнер әлемін қызықтау: “Rifugio” клубының суретші-реставратормен кездесуі
Өнер — тәрбие негізі демекші, жастардың жүрегінен әрқашан өз орнын табады. Мектептегі сабақтар өнер түрлерін, өнер шығармалары мазмұнын, өнер қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығы туралы танысуды ғана көздейді. Алайда оның сыртында «бөлек» ақпаратқа орын қалмайды. Сондықтан мұғалімдер — нағыз әуесқойлар мен өнерді сүйетіндер ретінде, өнерге баулу үшін мысалы, «№9 ЖОМ» КММ-де “Rifugio” клубы сияқты, бір орта құрады. Бұл клубты тарих пәнінің мұғалімі Алекс Федосеев басқарады.
Жаздың ыстық күндерінде клуб балалары педагогтарымен бірге Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейіне барып. Реставрациялау шеберханасында болып, Рубинчик Ольга Олеговна, суретші-реставратормен кездесті.
Балалар музейдің «киелі орны» – реставрациялау шеберханасына барды. Мұнда Ольга Олеговна жас қонақтарға майлы кескіндеме туындыларын реставрациялаудың (алғашқы өңіне келтіру, жаңартып, жөндеу) қыр-сыры мен ерекшеліктері, картиналардың «өмірге қалай оралатыны» және неге бұл жұмыс сиқыр іспеттес сияқты, тек ғылым түрінде қарастырылатыны жайлы бөлісті. Балалар арнайы құрал-жабдықтарды көріп, қандай ауыр және қажырлы еңбек — көркем шығарманы қалпына келтіру екенін білді.
Балалар реставратор өзінің экскурсиясын аяқтағаннан кейін келесідей алғыс-ризашылықтарын білдірді:
• «Бұл өте қызықты болды! Мен ешқашан реставраторда дәрігер сияқты көптеген құралдар бар деп ойлаған емеспін!» — деп бөлісті қатысушылардың бірі.
• «Музей мен Ольга Олеговнаға кескіндеме және реставрацияның әдемі әлемінің кең мәні мен терең мазмұнымен таныстырғаны үшін рақмет!».
Бұл кездесу шабыттандырды, қызықтырды және сөзсіз мақсатына жетті дегенді білдіреді.