Қазақстанда 18 тамыз – спорт күні.
Бұл күн – денсаулықтың, күш-қуат пен ерік-жігердің, еңбек пен табандылықтың мерекесі. Тән мен рухты шыңдау, жеңіске жету жолындағы қажырлы жаттығу және жеңілісті қабылдау арқылы мінезді қалыптастыру – спорттың мәні. Спорт – осылардың барлығын қамтиды және бейнелеу өнері, графика мен мүсін шығармашылығында кеңінен көрініс табады.
Абай облысының Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде сақталған өнер туындылары спорттың рухын бейнелейді. Бүгін олар спорт күніне арналған видеороликтің басты тақырыбы болып табылады. К.Я Баранов, П.С. Илгунас, Ш.Г. Абдулганиев және басқа да суретшілердің жұмыстары төмендегі видеода ұсынылған.
Баршаңызды тамашалауға шақырамыз!