Spread the love

Қазіргі заманғы өнер туралы

Семей қаласындағы Невзоровтар отбасының атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі директорының орынбасары Орталық Азиядағы қазіргі заманғы өнертану семинарына қатысты.

 2025 жылғы 10–15 қараша аралығында Алматының қазіргі заман өнері музейінде (Almaty Museum of Arts) «Орталық Азиядағы қазіргі заманғы өнертану алаңын қалыптастыру» атты семинар өтті, оған Семей қаласындағы Невзоровтар отбасының атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі де қатысты. Музей директорының орынбасары Халитова Ильвира Ахметжановна музей мен оның коллекциясы туралы айтып беріп, әріптестерімен музей жұмысы барысында кездесетін жетістіктер және проблемалармен бөлісті, сондай-ақ соңғы уақытта музей саласында жүзеге асырылған әртүрлі жобаларды талқылады.

Бұл семинар – Нью-Йорк университетінің Бейнелеу өнері Institute of Fine Arts директоры Джоан Ки және Алматының қазіргі заман өнері музейінің бас кураторы Инга Ланце бастамасымен ұйымдастырылған маңызды шара. Оның мақсаты – өңірдегі зерттеушілер, кураторлар және суретшілер арасындағы байланыстарды дамыту және нығайту.

Семинар форматы қатысушыларға қазіргі заманғы өнер мен музейге қатысты маңызды мәселелерді тереңірек талқылауға, пікірлер мен идеялар алмасуға мүмкіндік берді, бұл Орталық Азияда қазіргі заманғы өнертануды одан әрі дамытуға септігін тигізеді.

Невзоровтар отбасының атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің директорының орынбасарының осы маңызды шараға қатысуы мәдени мекемелер мен зерттеушілер арасындағы ынтымақтастықтың ел деңгейінде ғана емес, одан тыс жерлерде де маңыздылығын көрсетеді. Сондай-ақ бұл Қазақстанның халықаралық өнертану қауымдастығына интеграциялануға және қазіргі заманғы өнер туралы диалогқа белсенді қатысуға ұмтылысын айқын дәлелдейді.

Scroll to Top