Фарида Өмірбаеваның көне қазақ музыкалық аспабын жасау бойынша шеберлік сабағы

Күн сәулесінен тозып, желмен құрғаған ескі Отырар қаласының биік саз қабырғаларының арасында терең әуезді, жұмсақ дыбыстар әуелеп қалқып барады. Оларда көненің тынысы, мыңдаған жылдар бойы осы жерде өмір сүрген адамдардың ұрпақтарының тағдырларының үні естіледі. Жылы, қоңыр, кейде бұтақтағы жапырақ сияқты дірілдеген, кейде шұбалаңқы және әдемі қыздың күлкісіндей сүйкімді естілетін бұл дыбыстар махаббат пен достық, қуаныш пен қайғы, шақырайған күн мен ыстық құм, салқын түн және өмір көзі болып табылатын бұлақ туралы айтады.
Ежелгі Отырар қаласын қазу кезінде табылған көне қазақ музыкалық аспабы сазсырнай осылай дыбысталады. Қазір оны жасаумен Қазақстанда бірнеше шеберлер айналысады, соның ішінде Өмірбаева Фарида да бар. Оның есімі сазсырнай жасау шебері ретінде «STEPPE PRODUCTS» ұлттық өнімдерінің халықаралық каталогында көрсетілген. Ал бүгін – Невзоровтар музейінде өнер сүйер қауым клубының кезекті кездесуінде шақырылған қонақ, дәріскер және тәлімгер.
Бұл музыкалық аспапты жасау оңай емес. Ынталы оқушылар аспаптың әр жартысын жұмсақ және серпімді, ауада тез кебетін ерекше қызыл Қапшағай саз балшығынан қолмен мүсіндейді. Олар мүсін сомдайды, содан кейін біріктіреді, сумен сулайды, жаққышпен тегістейді, қабырғаларды стектермен ұрып-соғып, тығыздайды, қажетті тығыздыққа, тегістікке қол жеткізеді. Сопақша, бір ұшы сәл үшкір және тесіктері ерекше түрде жасалған, ол көптеген шарттар орындалған кезде ғана естілуі мүмкін. Қабырғалардың қалыңдығы, тесіктердің орналасуы мен ені, ауа бағыты — бәрі маңызды. Шеберлік сабақта — барлық жастағы қатысушылар. Оларды процеске деген үлкен қызығушылық пен толқытатын дыбыстарды тезірек естуге деген сабырсыздық біріктіреді. Бұған бірден қол жеткізу мүмкін емес. Фарида Сүлейменқызы «Кербез қыз» лирикалық әуенін орындап, содан кейін оқушыларының жаңа ғана жасаған аспаптарын сынап көреді.
Міне, зал толық әуен ретінде қалыптастаған үндерге, терең және нәзік, сәл төмен, қайғылы дыбыстарға тола бастады. Шеберлік сабақ соншалықты сәтті өткені сол, ол бір күнде екі рет — таңертең және түстен кейін өткізілді. Қатысушылар өз әсерлерімен бөлісті. Әркім өзімен бірге үйлеріне өз қолдарымен жасаған музыкалық аспапты алып қайтты.
«Мен саз балшықтан жасалатын заттар туралы шеберлік сабақты көптен армандап жүргем. Фарида Сүлейменқызына және осы іс-шараның барлық ұйымдастырушыларына арманымды орындағаны үшін өте ризамын. Шығармашылық адамдардың жағымды компаниясында жан-тәніммен демалдым» Алия И. «Өзіңіздің музыкалық аспабыңызды жасау, одан дыбыстар шығару керемет!» Марина С. Міне, шеберлік сабаққа қатысқан адамдардын қалдырған кейбір әсерлі пікірлері. Кездесу керемет өтті. Жұмыс жалғасуда. Ал, сіздерді Клубта өтетін жаңа іс-шараларға күтеміз.

Scroll to Top