25.11.2026

Балалардың суреттері – жалғасын тапқан хикаялар.

 

Абай облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінің балалар көркемсурет студиясында «Бала құқығы – мемлекет тірегі» онкүндігі аясында «Менің құқықтарым – менің болашағым» атты сабақ өтті. Балалар бұрынғы студия оқушыларының суреттерін тамашалап, олардың мазмұнын талқылады, отбасы, қауіпсіздік, бақытты балалық шақ пен болашақ туралы ой бөлісті.
Бұл суреттердің өз тарихы бар. Олардың авторлары есейіп, бүгінде ата-ана атанған, кейбірі шығармашылық мамандықтарды таңдаған. Кезінде олар да мольберт алдында отырып, әлемді танып, ойларын сурет арқылы жеткізуді үйренген. Бүгінде олардың еңбектері жас суретшілерге өткен буынның балалық шағына үңіліп, арман, қамқорлық, махаббат пен өз болмысыңды сақтаудың қай кезеңде де маңызды екенін түсінуге мүмкіндік береді.

 

#БалаҚұқығы #МеніңБолашағым #БалаларКөркемсуретСтудиясы #НевзоровтарМузейі #Семей

Scroll to Top