Музейдегі сенбілік кездесулер

Екі ай бойы Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде ЖШС «EMC» қызметкерлерінің балаларымен шығармашылық тренингтер өткізіліп келеді. Бұл кездесулердің негізгі мақсаты балаларға бейнелеу өнерінің көркем материалдары, сызықтар мен бояулардың тілі, түс, ырғақ, кеңістік, гармония туралы түсінік беру болды. Шығармашылық тренингтер форматында балалар кескіндеме, графика, мүсін және сәндік-қолданбалы өнер түрлерімен танысты. Кескіндемеде түспен жұмыс жасау ерекшеліктері пуантилизм техникасы арқылы жеткізілді. Балалар акварель бояуын пайдаланып, қағаз бетіне нүкте және дақ арқылы  жануарлардың бейнесін жасады.

Графикада сызбалар өзара тоғысқан түзу және қисық сызықтар мен геометриялық фигуралар арқылы дудлинг техникасында жұмыстар жасады. Сәндік-қолданбалы өнерімен квиллинг техникасы арқылы танысты. Ол үшін қағазды жіңішке әрі ұзыншақ етіп қиып, оны шиыршықтап (спираль тәрізді) түрлі формаға келтіріп композициялар жасады. Бұл техника балалардың саусақ моторикасын және табандылықты дамытып, ұқыптылыққа үйретеді.

Ал мүсін өнері суық фарфордан зооморфтық стильде көлемді пішіндер жасау арқылы игерілді.

Балалар шығармашылық сабақтарға белсінділікпен қатысуда. Олар қолдан жасаған туындыларын үйлеріне ата-апаларына, ата-аналарына қуана апарады.  Алдыда сәулет әлеміне ену күтілуде. Өнер сүйер қауымнан жаңа туындылар күтеміз!

 

Scroll to Top