18.03.2026

Ұлттық киімнің көркі

Наурызнама көктемнің әр күнін жаңа мәнмен әрлеп, әрбір таңды мерекеге айналдырады. Наурыздың 18-і — ұлттық киімге арналған күн. Бұл күні көшпелі өмірдің үнін сақтаған дәстүрлі киімдер, олардың нәзік өрнектелген ерекшеліктері мен тігісіне жан бітірген асыл маталар қайта жаңғырып, өткеннің рухын бүгінге жеткізгендей болады.

Абай облысындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі бұл күнді шығармашылықпен атап өтті. №6 мектеп-гимназиясы мен №31 орта мектеп оқушылары үшін «Қазақтың ұлттық киімі» атты шығармашылық тренингтер ұйымдастырылды. Тренингті маркетинг және ағарту жұмыстары бөлімінің жетекшісі Шинжина Лаура Вахаевна музей қызметкерлерімен бірге өткізді. Оқушылар матадан аппликация жасау техникасын меңгеріп, әртүрлі маталардың ерекшеліктері мен фактурасымен, сондай-ақ оларды ұлттық костюм жасауа қолдану жолдарымен танысты. Сонымен қатар, халық киімі дәстүрлерінің тарихына шағын экскурсия жасалды.

Жасалған жұмыстар жарқын бояуымен және өзіндік болмысымен ерекшеленді, ал шығармашылық үдеріс балалар үшін жай ғана тәжірибе емес, өз халқының мәдени мұрасына нәзік жанасқандай әсер қалдырды. Ұлттық киім күні халық дәстүрлерінің байлығы мен көркемдігін тағы бір мәрте айшықтап, барша қатысушыларға көктемнің жылы лебін, шуақты көңіл күй сыйлады.

 

Scroll to Top