Ұлы Даланың қазынасы.
Егер сіз кеше Невзоровтар отбасы атындағы музейге баруға үлгермеген болсаңыз, асығыңыз! Өйткені музейде жаңа көрме ашылды!
Б.з.д. VIII–III ғасырларға жататын алтын әшекейлер, ерте ортағасырлық археологиялық олжалар, көне дәуірдегі киім, қару-жарақ пен тұрмыстық заттардың реконструкциялары – мұның бәрін Қазақстан өнері залының экспозициясынан тамашалай аласыз.
Кез келген келуші бұл көрмеден өзіне қызықты дүниелерді табады және көшпенділердің бай тарихына жаңаша көзқараспен қарай алады. Бұл құнды мұраларды бағалау үшін міндетті түрде археолог болудың қажеті жоқ – олар өз сұлулығымен-ақ тамсандырады.
Нағыз тарихқа қол тигізіп, 2026 жылдың 20 қаңтарына дейін музейге келіп үлгеріңіз!
Ал қазір сізді кеше өткен вернисажға шағын экскурсия күтіп тұр.


