Владимир Дмитриевич Вучичевич-Сибирский туралы жаңа және күтпеген жайттар
Музей өз коллекциясының туындыларын сақтап қана қоймай, міндетті түрде зерделейді және зерттейді. Бұл, музей жұмысының ең қызықты бөлігі — ашқан жаңалықтар мен үміт сезімдерінің керемет сәттері, жаңадан анықталған есімдер мен фактілер, ұмыт қалған нәрселердің жандануы мен өмірге оралуы.
Біздің коллекцияда бір суретшінің жұмысы сақталған, оның есімі, өкінішке орай, біртіндеп ұмытылып, оның өміріндегі фактілер мен әңгімелер бұрмаланған. Бұл Владимир Дмитриевич Вучичевич-Сибирский. Керемет, сезімтал пейзаж суретшісі ол өзінің картиналарын XIX ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында салған. Ұзақ уақыт бойы Владимир Дмитриевич ХІХ ғасырдың аяғында еркін ойлаған көптеген басқа дворяндар сияқты Сібірге жер аударылды деп есептелді. Оны Иван Иванович Шишкиннің шәкірті деп есептеген. Оның өмірінің соңы қайғылы болды. Владимир Дмитриевичтің үйіне сұмдық шабуыл жасалып, оның барлық отбасы мүшелері мен өзін аяусыз өлтіріп кеткен. Жалпы суретші туралы ешқандай мәлімет болған жоқ деп айтуға келмейді. Бірақ, оның өмірбаянының көптеген фактілерінде өзгешіліктердің орын алғанын байқауға болады. Осы сәйкессіздіктер көптеген сұрақтар туандатқан.
Кейде жауаптарды іздеу зерттеушілерді күтпеген және қызықты кездесулерге әкеледі. Бұл жолы да солай болды. Музейде Вучичевич—Сибирский шығармашылығын зерттеумен ғылыми және көрме жұмыстары бөлімінің басшысы Ильвира Ахметжановна Халитова айналысады. Оның зерттеулері өте қызықты адаммен – ресейлік педагог-лингвистпен, жазушымен және осы суретшінің өмірбаянының ынталы зерттеушісі Артюхова Наталья Филипповнамен кездесуге әкелді. Ол қазір Кемерово облысында тұрады және зейнеткерлікке шыққаннан бастап барлық уақытын зерттеу жұмысына арнайды. Мұрағаттардағы ізденістер, музейлердегі зерттеулер, тұлғаның, оның отбасының, шығармашылығының тарихын көпжылдар бойы жинау, өз жемісін берді. Нәтижесі – екі кітап. Құжаттар мен фактілер, жанды, жарқын, бейнелі баяндау, фотосуреттер мен репродукциялары бар кітаптар суретшіні ұмыт қалудан сақтап, оның өмірбаянының жаңа жақтарын ашады.
Мәселен, мысалы, Владимир Дмитриевичтің бұрын ойлағандай революциялық қызметі үшін Сібірге жер аударылмағаны жаңалық болды. Нағыз пейзаж суретшісі ретінде ол Сібірдің қатал табиғатында ерекше сұлулықты көрді және үлкен астананың барлық артықшылықтарынан өз еркімен бас тартып, осы жерлерге қоныстанды. Нағыз пейзажшы ретінде ол Сібірдің қатал табиғатында ерекше сұлулықты көрді және үлкен астананың барлық артықшылықтарынан өз еркімен бас тартып, осы жерлерге қоныстанды. Бұрын Санкт-Петербургтің немесе Мәскеудің немесе кез-келген басқа ірі қаланың, әсіресе Ресейдің оңтүстігінің тұрғындары Сібір ландшафтының осы күші мен асқан әдемілігін елестете алмады.
Наталья Филипповна Артюхованың екі кітабы көптеген қызықты фактілердің қыр-сырын ашып, ұзақ уақыт жауап күткен сұрақтарда өз жауаптарын тапты. Әр кітаптың бір данасы біздің музейге сыйға тартылды. Енді музей қызметкерлері ғана емес, суретші Вучичевич-Сибирский шығармашылығына қызығушылық танытқан кез-келген адам осы суретшінің өмірінің бай және қайғылы тарихымен таныса алады.
Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі Наталия Филипповнаға зор еңбегі, үн қосуы мен ынтымақтастығы үшін алғыс білдіреді.