Діни сауаттылықты арттыру
Біз шиеленіскен әлем, қарулы қақтығыстар планетаның әртүрлі нүктелерінде орын алып жатқан, тыныш емес, аласапыран уақытта өмір сүріп жатырмыз. Мұның бәрі біздің ғаламшарда болып жатқан жағдайлар. Көбінесе проблемалар қасымызда орын алуда, егер оларды елемейтін болсақ, онда оның салдары апатқа әкеп соқтыруы мүмкін. Бірақ, біз бұл қақтығыстарды туындатпай немесе тіпті алдын-алу бойынша жұмыс істеуіміз керек. Негізінде діни даулар мен қайшылықтар әрқашан болған.
Біз зайырлы мемлекетте өмір сүріп жатырмыз, онда конституциялық түрде діни сенім бостандығы жазылған. Соңғы уақытта діни бағдарланған азаматтар көбейіп келеді, өкінішке орай, деструктивті діни ағымдарға бет бұру байқалады. Осы жайлы және балаларымызды олардан қалай қорғау және оларға қалай қарсы тұру керектігі туралы Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Әсел Мұратбекқызы Кусембековамен болған Абай облысының Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейі қызметкерлері ұжымының кездесуінде айтылды.
Кездесуге музейдің барлық ұжымы қатысты. Бұл іс-шара музей қызметкерлерінің діни сауаттылығын арттыруға ғана емес, сонымен қатар қоғамның діни-рухани және зайырлы-мәдени ағарту үшін музейдің рөлін түсіндіруге бағытталған. Діни мәселелер жайлы әңгімелесу танымды және қызықты өтті.