Музейдегі жаңа кездесу
Музей, театр, кинотеатрға үнемі бару баланың рухани әлемін қалыптастыруына ықпалын тигізеді. Балалардың өнерге деген сүйіспеншілігін оятпай, шығармашылыққа белсенді, дамыған тұлғаны қалыптастыру мүмкін емес. ЖШС «ЕМС» қызметкерлерінің балаларымен ұйымдастырылған шығармашылық кездесудің негізгі мақсаты музеймен таныстыру, өнерге баулу. Әдетте, музеймен танысу, музейдің тұрақты мәдени құндылықтарынан басталады.
Бұл жолы музей қызметкерлері үлкен және кіші топтар үшін музейдің құпия жерлеріне «ерекше саяхат» ұйымдастырды. Өйткені, кейбіреулер музейдің өмірі бір қалыпта тыныш ағып жатқан ағыс деп ойлайды. Залдардағы экспозиция мен экспонаттар айсбергтің шыңы ғана. Қызметкерлер балаларға музейдің ішкі құпияларын ашып, барынша қызықтыруға тырысты.
Балалар ғылыми зерттеу, ағарту, қор сақтау және қалпына келтіру шеберханасы тәрізді түрлі бөлімдердің жұмыстарымен танысты. Қор сақтау бөлімінде балалар жәдігерлерді қалай сақтайтындығы жөнінде мағлұмат алды. Музейдегі әр бір экспонаттың тарихын саралап зерттейтін ғылыми бөлімімен танысты.
Балалар үшін ең қызықтысы — реставратордың шеберханасымен танысу болды. Реставратор Ольга Рубинчик түпнұсқаларды сақтау құпияларымен және картиналарды қалпына келтіру үшін қолданылатын түрлі құралдармен таныстырды.Балалар көркемсурет студиясының жетекшісі Ольга Неудачина студия оқуының қалай жүргізіліп жатқанын, суретшілер туралы әңгімелер, практикалық және шығармашылық сабақтар, сондай-ақ балалар өте белсенді қатысатын және жеңетін көптеген қызықты жобалар туралы айтты.
Ең соңында балалар экспозиция залдарына саяхат жасады. Онда олар Қазақстан ұлттық өнері, Батыс Еуропа мен Ресей өнері шеберлерінің туындыларымен танысты.