«НезамАсловатые картинки» атты бояу конкурсы

   Сәлеметсіз бе, достар! Бүгін, көшеде күн жарқырап тұр, барлығымыз қызықты нәрсемен айналысқымыз келеді. Мысалы, армандау, қызықты нәрсемен айналасу, сурет салу…

Музей  қызметкерлері Сіздер үшін кезекті қызықты сабақ ойлап тапты, атап айтқанда, біздің қордағы суретшілер туындылары бойынша қызықты бояулармен айналысуды  әзірледі. Түлкі мен бауырсақтың суретін салғыңыз келе ме — мархабат! Қазақстандық суретші Константин Барановтың орыс халық ертегілері тақырыбындағы суреттер топтамасы бар.  Міне, тамаша жыршы ақынның қолында домбыраның созылыңқы әуені естіледі! Әуенді естідіңіз бе, қайталағыңыз келе ме?  Онда, бояумен айналысу үшін павлодарлық шебер Қабдыл-Ғалым Қаржасовтың суреттерін таңдап алыңыз, сурет салуды бастаңыз!

Шығармашылық қиялыңызды қосыңыз, реңктермен эксперименттер  жасаңыз  … Сіздің қолыңыздан бәрі келеді! Алға, достар!

Ал біздің онлайн-байқаудың қатысушылары болу үшін Сізге сайттағы мақала астында бояу қосымшасын көшіріп қана қоймай, ұнаған суретті басып шығару және оны бояу қажет.  Өзініз салған суретінізді суретке түсіріп (цифрлау), Instagram-да өз профилінізде постыға бекітіп, және оған музей  #музейневзоровых # НезамАсловатыекартинки -хештегтерін қосуды ұмытпаңыз.

Сурет салуға арналған материалдарды (түсті қарындаштар, фломастерлер, маркерлер, түсті қаламдар, акварель немесе гуашь бояулары, борлар, пастель және т.б.) таңдаңыз.

Үздік жұмыстар біздің әлеуметтік желілерде жарияланып, карантиннен кейін естелік сыйлықтармен марапатталады! Қатысуға асығыңыз!

Өте маңызды! Қазылар алқасы сіздің ынтаңызды лайықты бағалауы үшін, Сіз жариялаған фотосуреттер жақсы сапада, фоторедакторда өңдеусіз, JPEG форматында ақ жарық  дақтарсыз болуы керек. Өз аты-жөніңізді және жасыңызды  көрсетуді ұмытпаңыз.

Конкурс шарттары:

Конкурсқа 5 жастан 10 жасқа дейінгі балалар қатыса алады.

Қазылар алқасы жұмыстарды бағалау үшін 2020 жылдың 29 мамырына дейін жариялау мерзімін шектейді.

Онлайн конкурстың нәтижелері 1 маусымда nevzorovcollection.org сайтында және әлеуметтік желілердегі музей сайтының беттерінде жарияланады.

Scroll to Top