Spread the love

Абай облысы әкімінің орынбасары Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейіне барды

Абай облысы әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлы Раханов Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейіне келіп, ондағы экспозициялармен танысты. Қонақты музей директоры Татьяна Александровна Стромская қарсы алып, көрме залдарын аралатып, экспозициялармен таныстырды.

Мейірлан Ақылбекұлы музей қорындағы қазақстандық және шетелдік суретшілердің туындыларын тамашалап, мекеменің өңірдің көркем мұрасын сақтау мен дәріптеу бағытындағы қызметімен танысты.

Қазіргі таңда музейде XIX–ХХ ғасырлардағы қазақстандық бейнелеу өнері, XVIII–ХХ ғасырлардағы орыс өнері және XVII–ХХ ғасырлардағы еуропалық өнер туындылары қамтылған мол қазына жинақталған.

Кездесу барысында музей ісін дамыту мен өңірде мәдени жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды. Әкім орынбасары экскурсиядан алған әсерімен бөлісіп, музей коллекциясының мазмұндылығы мен көркемдік деңгейіне жоғары баға берді.

Scroll to Top