Әлемді ашамыз. Көру қабілеті жоқ және көру қабілеті нашар балаларды өнер әлемімен таныстыру
2022 жылдың 1 маусымында, Балаларды қорғау күні біздің музейде тек қала үшін ғана емес, бүкіл мәдени қоғам үшін өте маңызды оқиға – «Әлемді ашамыз: Қазақстан музейлерінде қолжетімді орта құру» жобасының тұсаукесері өтті. Бұл жоба «Дара» қайырымдылық қорының (Алматы қ.), «GalaGlobalGroup» аударма компаниясының (Нұр-Сұлтан қ.) және Невзоровтар отбасы атындағы ШҚО бейнелеу өнері музейінің бірлескен күшімен жүзеге асырылды. Оның мақсаты — кескіндеме, графика және мүсін туындыларында қамтылған үлкен рухани және мәдени әлемді қол жетімді ету.
Бұл жоба жергілікті емес. Ол Қазақстан бойынша көрермендердің үлкен аудиториясына есептелген және Атырау, Қарағанды және Павлодар музейлерінде қатар жүзеге асырылады.
Жобаның мәні – аудиодескрипция — көру қабілеті жоқ және көру қабілеті нашар адамдар үшін қол жетімсіз немесе ұғынықсыз визуалды ақпаратты дыбыстық және тактильді түріне аудару. Есту және тактильді қабылдауды қолдана отырып, көру қабілеті болмаған кезде нашар көретін көрермендер тұтас бейнені қалпына келтіріп, сурет туралы түсінік ала алады.
Барлығы орыс және қазақ тілдеріндегі 47 өнер туындысы аудиодескрипциямен қамтылды. Тактильді модельдер мен мүсіндерді Семей суретшілері Оразғалиев Архат, Өмірбаева Фарида, Белякин Андрей және Каухаров Амангелді дайындады.
«Дара» қайырымдылық қоры жобаның ұйымдастырушысы болып табылады. Олар тактильді модельдер мен мүсіндерден басқа 15 аудиогид сыйға тартты. Жобаға көптеген бизнес өкілдері мен филантроптар да қолдау көрсетті. Олардың көпшілігі қор өкілдерімен бірге жобаның тұсаукесеріне қатысу үшін біздің қалаға арнайы ұшып келді.
Бірақ басты қонақтар, әрине, балалардың өздері – №3 көзі нашар көретін балаларға арналған қосалқы мектеп-интернаттың тәрбиеленушілері болды. Музей қызметкерлері олар үшін экскурсия өткізді, балалар алғаш рет сыйға тартылған аудиогидтерді сынап көрді және соңында «Дара» қоры ұсынған сыйлықтарды алды.
Музей «Дара» қорының басшысы Гүлнар Есенгелдіқызы Досанова, бағдарламалар мен жобалардың директоры Марал Шешембекова сынды жобаның қозғаушы күшіне айналған қызметкерлеріне; «GalaGlobalGroup» компаниясының қызметкерлері — директордың орынбасары Анна Васильевна Лоенко мен аудиодескрипция жөніндегі маман Марат Заурбековке; қайырымдылық жасаушы Жанна Ким, демеушілер мен меценаттар, сондай-ақ №3 нашар көретін балаларға арналған мектеп-интернатының педагогтары және оның директоры Акрам Асемханович Калигожинге үлкен алғысын білдіреді. Жобаны жүзеге асыруға көмек көрсеткені үшін Семей қаласындағы Қазақ соқырлар қоғамының хатшысы, көру қабілеті жоқ және көру қабілеті нашар азаматтарға арналған мамандандырылған кітапхананың маманы Арман Жақпеловаға және Щепетина Гүлмира Серікбековнаға ерекше алғысымызды білдіреміз.