[vc_row][vc_column][vc_column_text]Біздің мемлекетіміздегі ең маңызды шаралардың бірі — Астана күні мерекесі де өтті. Ресми түрде мереке 6 шілде күні тойланса, қазақстандықтар мейрамды айдың бірінші күнінен атап бастайды.
Әрине, біздің Невзоровтар мұражайы да солардың қатарында. Бір топ іс-шаралар әртүрлі деңгейдегі көрермендерге арналып, мұражай қабырғасында және өзге де жерлерде өткізілді.
Ең кішкентай көрермендерімізге арнап мұражай қызметкерлері «Біздің мемлекетіміздің сәулеті» атты фотокөрме ұйымдастырды. Онда қазақ халқының тарихы, Егемен Казақстанымыздың құрылуы және ең басты тамаша да сұлу елордамыз Астананың өркендеп, өсуі жайлы көптеген мағлұматтарды балалар біле алды. Көрмені тамашалап болған соң, оқушылар алған мәліметтеріне қарай өздері білімдерін шыңдап, әртүрлі техникада(мысалы, торцевание және кракле техникаларында) елорданың сәулетін жасауға мүмкіншілік алды және ұлттық кілемдер(«Алаша») мен киімдер, т.б шығармаларды қол өнерінде жасады.
Кез келген адамның әр уақытта мұражайға келуге мүмкіншілігі болмай қалады. Әсіресе денсаулықтарына қарай келе алмайтын адамдарға да мереке қажет. Сондықтан мұражай қызметкерлері, Жалғыз басты зейнеткерлерге қызмет көрсету аймақтық орталыққа да өз көрмесін апарды. Жастар мен қариялар әлемді бірдей қабылдап көреді екен, өмір тәжрибесі әртүрлі болғанымен қызығушылық пен таңырқау бала мен үлкен адамдардың арасында бірдей болды. Бұл орталықтағы кариялар да көрмені қуана да сүйіспеншілікпен тамашалады.
Меркенің болғаны қайсымызға болса да қуаныш, әсіресе осындай тамсандырар елордамыз Астана туған күні![/vc_column_text][/vc_column][/vc_row][vc_row][vc_column][vc_column_text]
[/vc_column_text][/vc_column][/vc_row]