ШҚО Невзоровтар отбасы атындағы өнер мұражайында еңбек сіңірген өнер қайраткері Қазақстанның белгілі живописшісі Камиль Муллашевтің көрмесі ашылды. Көрме «Сабантуй» татар халқы мерекесіне және Татарстанның Бірінші президенті, Қазіргі ТР Мемлекеттік кеңесші Минтимир Шаймиевтің сапарына орай ұйымдастырылды. Камиль Муллашев (1944 жылы туған) — Қазақстанның Еңбек Сіңірген өнер қайраткері, Татарстанның халық суретшісі, Г. Тукай атындағы Мемлекеттік премияның және Франция өнер Академиясының күміс медаль иегері, академик. Жоғары білімді ( В. И. Суриков атындағы Мәскеу Мемлекеттік Көркемөнер институты), халықаралық және бүкілкеңестік көрмелерге қатысушы, көркемөнер Академиясы және КСРО суретшілер Одағының дипломдары бар. К. Муллашевтің бейнелеу өнерінде өзіндік орны бар. «Жер және уақыт. Қазақстан» атты дипломдық жұмысы еліміздің романтикалық рәмізіне айналды.Уақыт, мәңгілік туралы толғаныстар, адам мен табиғаттың байланысы, космос идеясы, көщпенді халықтың өмірі – К. Муллашевтің шығармашылығының түйіні. Академик , Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, Татарстан республикасының халық жазушысы Камиль Муллашевтің шығармашылығы — республикамыздың рухани мәдениетінің бір бөлігі, қоғамымыздың рухани өмірінің көрінісі. К. Муллашевтің туындылары Мәскеу қаласы Третьяков галереясында, Алматы қаласы Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік мұражайында, АҚШ, Франция ,Германия, Түркия, Қытай, т.б. сияқты көптеген шетелдердің жинақтарында орналасқан.Соңғы жылдары К. Муллашев өзінің жеке көрмесін Астана қаласының белгілі көрмелерінде де орналастырды.Суретшінің шығармашылығын Астана тұрғындары мен қонақтары жақсы таниды. 2007 жылдан бері К. Муллашев Астанада тұрып жатыр. Мемлекеттік өнер университетінде дәріс береді. Профессор жас суретшілерді тәрбиелеуде көп жұмыс істейді. Көрмеде суретшінің 28 шығармасы ұсынылған. ТР Мемлекеттік кеңесшісі Минтимир Шаймиевпен бірге көрмені ШҚО Әкімі Бердібек Сапарбаев, Семей қаласы әкімі Айбек Кәрімов, Әлемдік татарлар конгресі Атқару комитетінің төрағасы Ринат Закиров, Қазақстан татарлары және башқұрттары Ассоциациясы Атқару комитеті төрағасы Ринат Абдулхаликов, т.б. ресми тұлғалар тамашалады. Қонақтарды мұражай залдарымен мұражай директоры Т.А. Стромская таныстырды.