«Ескі қаланың түсті тұмандары» атты Виктор Шмидттің дербес көрмесі
Биылғы жылы «Музей түні» акциясы бүгінде музей орналасқан үйдің өзіне – көпес Степановтың үйіне және қала тарихына арналды. Сондықтан барлық іс-шаралар қаланың тарихымен, адамдармен, дәстүрлермен байланысты болды. Осы жоба аясында экспозиция залында Семейлік суретші, Виктор Шмидттің Семей қаласына арналған жеке көрмесі ашылды. Виктор Шмидт — біздің қаламыздың бүгінгі жарқын суретшілерінің бірі. Суретшінің жаңа көрмесі — шебердің қала, оның жады және сәулеті туралы кенеп бетінде жарық көрген шынайы көркем пікірі.