«Көрісу күні – Амал мерекесі» — Белсенді ұзақ өмір сүру орталығында

Шуаққа, жылылуққа толы әз Наурызда келіп жетті. Биыл ол ерекше, бірнеше күн тойланады және әр күннің өзіндік мәні бар және дәстүрін қайта жандандырады.

Көрісу күні — Амал мерекесі – үлкендерді құрметтеу, қонаққа бару, барлық игіліктер мен береке тілеу мерекесі. Бұл күні Невзоровтар отбасы музейінің қызметкерлері «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» барып, олардын келушілеріне жұқа киізден жұмыс жасау бойынша шеберлік сабағын өткізді. Шеберлік сабағына қатысушылар тұмаршаны өз қолдарымен жасады.

Әр түрлі материалдармен жұмыс өзінің ерекшеліктерімен сипаталады. Әр материалдан жасалған бұйымдар әр түрлі көрінеді. Егер бұл бұйым тек көркемдік қана емес, сонымен қатар қасиетті мағынаға ие болса, онда жасап жатқан жұмыстарға мұқият қарап, барлық ерекшеліктерді ескеріп, материалдың мәнерлі мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалануға тырысу керек. Бұл туралы музей қызметкері Юлия Сивашова шеберлік сабағы кезінде тұмарша деген не және Наурыздың келуі туралы айтып берді.

Бірақ бұл ең бастысы емес еді. Музей қызметкерлері егде жастағы адамдарға мейрімділік пен қуаныш сыйлауға, тағдырдың қиыншылықтары мен ауруларға мойынсұнбай, ертеңгі күнге деген сенімділікпен қарауға қолдау көрсетті, өйткені тұмарша – бұл бойтұмар, енді әркімнің өз бойтұмары бар.

Облыстық бейнелеу өнері музейі дәрістер мен шеберлік сабақтарымен «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығына» жиі барып тұрады. Бірақ осы кездесу ерекше өтті. Бұл рухани және философиялық мағынаға және ерекше жоғары атмосфераға ие болды.

Scroll to Top