Мемлекеттік рәміздер күніне арналған.
Жыл сайын 4 маусымда елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Биылғы жылы Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде «Әрқашан күн сөнбесін…» атты балалар іс-шарасы өтті.
Мерекеге № 12 орта мектептің мектеп жанындағы лагерінің жиырма сегіз баласы өз оқытушыларымен келді. Мемлекеттік рәміздер туралы әңгіме және шағын викторина балалардың мектепте алатын мемлекеттілік негіздері туралы білімдерін бекітті, ал «Әрқашан кұн сөнбесін..» атты аппликация техникасындағы шығармашылық тренинг біздің мемлекетіміздің жарқын болашағына оң көзқарас пен сенімділік қосты.
Іс-шараны ағарту және маркетингтік жұмыс бөлімінің қызметкері Сивашова Юлия Валерьевна өткізді. Іс-шара әрі танымдық, әрі шығармашылық тұрғыда өтті.