Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік тірегі және бірлік
1992 жылы 4 маусымда Қазақстанда алғаш рет Тәуелсіз Республиканың Мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында жаңа мемлекеттік рәміздердің — Ту, Елтаңба және Әнұранның туған күні ретінде мәңгі қалады.
Елтаңба, Ту, Әнұран жобаларын әзірлеуге 600-ден астам адам қатысты. Олардың алдында күрделі міндет тұрды. Мемлекеттік рәміздер эстетикалық талаптарға ғана емес, тарихи, саяси, экономикалық символизмге де жауап беруі керек. Жас егемен мемлекеттің саяси мәні мен мақсаттарын барынша айқын бейнелейтін көркемдік шешім табу қажет болды.
Мұны Шәкен Ниязбеков (Ту авторы), Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлихан (Елтаңба авторлары), Шәмші Қалдаяқов (Әнұран әуені), Жұмекен Нәжімеденов (Әнұран мәтіні) сияқты шеберлер жасай алды.
Мемлекеттік Рәміздер қабылданған сәттен бастап қазақстандықтардың барлық жеңістері мен жетістіктері олармен байланысты болды. Біздің отандастарымыз әлемдік жарыстар мен олимпиадалардың Жеңіс жолдарымен Қазақстанның Туын мыңдаған рет көке көтере отыра алып өтіп, оны планетаның ең қол жетпейтін жерлеріне апарып, ең биік тау шыңдары мен ғарыштық далаларға тіккен.
Мемлекеттік рәміздер күнінің басты идеясы жастардың патриотизмін және барлық ұлттардың бірлігін нығайту, тәуелсіз елдің құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау болып табылатынын атап өткен жөн.
Кейбір маңызды күндер
Бірінші шілде — Тәуелсіз Қазақстанның өкілі Талғат Мұсабаевтың ғарышқа алғашқы ұшқан күні, ол бүкіл әлемге ғарыш станциясының бортында біздің Мемлекеттік Туымыздың аясында тұрып ұшқан сәті туралы айтып берді.
2015 жылы ғарышкер Айдын Айымбетовтің ұшуы кезінде ҚР Мемлекеттік Туы Жер планетасын 150 рет шарлаған еді.
2011 жылғы 14 желтоқсанда Оңтүстік Полюсті бағындырудың 100 жылдық мерейтойында Антарктидада Қазақстан Республикасының Туы желбіреді.
2015 жылғы 14 сәуірде алғашқы қазақстандық шаңғы экспедициясы Солтүстік полюсте – Арктикада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын орнатты.
1995 жылы Абайдың 150 жылдығына орай Мемлекет Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекеттік Туды Іле Алатауы — «Абай» шыңына тікті.
2012 жылдың 23 ақпанында қазақстандық Андрей Гундарев Оңтүстік Африканың ең биік нүктесі «Охос-дель-Саладо»-ны бағындырып, қазақстандық Ту осылайша әлемдегі ең биік жанартаудың төрінен табылды.
2014 жылы қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев Солтүстік Американың ең биік тауы — «Маккинли» шыңына көтеріліп, сол жерде қазақстандық туды орнатты.
Қазақстанның Туы сондай-ақ Батыс Еуропаның ең биік нүктесі – биіктігі 4 810 метрді құраған «Монбланға» көтерілген.
Мемлекеттік ту желбіреп, Азия мен әлемнің ең биік шыңдарында –Памир тауларының «Ленин» шыңында, 7 мың 134 метр биіктікте және 8 мың 800 метр биіктікте «Эверестте» еліміздің мемлекеттік әнұраны шырқалды.
2011 жылы Мақсұт Жұмаев және Василий Пивцов Қазақстан туын Азияның ең күрделі тауының Қарақорым Чогори шыңына (8 611 м) орнатты.
Елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қазақстандық альпинист Мақсұт Жұмаев әлемнің ең биік нүктесі — Эверест шыңына шығып, Астана қаласының туын тігеді. Бұған дейін спортшы Жердің ең биік нүктесін 2007 жылы бағындырған еді.
Невзоровтар отбасы атындағы музей барлық қазақстандықтарды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен құттықтайды!
Мереке қарсаңында музей қызметкерлері Отанға деген құрмет пен сүйіспеншілікті нығайтуға, жауапкершілік сезімін қалыптастыруға, бастауыш сынып оқушыларына Қазақстанның барлық азаматтарының бірлігінің маңызы зор екенін түсінуге бағытталған бірқатар іс-шаралар өткізді.
Бұл жолы біздің қонақтарымыз № 9 ЖОМ білім алушылары, сондай-ақ мұғалімдер мен ата-аналар болды. Балалар үшін «Мемлекеттік рәміздер – тәуелсіздік тірегі және бірлік» танымдық викторинасы өткізілді. Қатысушылар ҚР Мемлекеттік рәміздерінің мәні мен тарихы туралы сұрақтарға жауап бере отырып, белсенділік танытты. Сондай-ақ, «Әрқашан күн сөнбесін!» атты шығармашылық тренинг өткізілді. Тренинг барысында күн — байлық, амандық пен бірліктің символы ретінде жұмыс жасады. Олар өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетті.