Музейде Павлодар cуретшілерінің көрмесі өтті
Қазақстан халқы Асамблеясының 20 жылдығын тойлау қарсаңында Невзоровтар мұражайы екі павлодарлық суретшілер – Қабдыл-Ғалым Қаржасов пен Валерий Приходьконы қонаққа шақырып отыр. Бір-біріне мүлдем ұқсамайтын олар ұзақ жылдар дос, көрші шеберханада жұмыс істеп, қөркемдік құмарлықты бөле және шығармашылық ізденістер азабын бірге тартуда. Олардың әр біреуі ұзақ шығармашылық жолдан өтіп, өзінің өнердегі «ірі» тақырыбын тауып және қайталанбас шығармашылық қолтаңбасын қалдырып отыр. Кешегі көркемсурет училищесінің студенттері бүгін бейнелеу өнерінің танымал шеберлеріне айналды, қазіргі уақытта Қазақстан және шет елдерінде өтетін көптеген көрмелерде Павлодар қаласын лайықты таныстырып жүр.
Қабдыл-Ғалым Насырұлы 1954 жылы Павлодар облысы, Ертіс ауданы, Үлгілі ауылында дүниеге келген. Н.В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін бітірген (1980). Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі (1988); ҚР көркемсурет Академиясының академигі (2007). Қазақстан Республикасы Президентінің Стипендианты (1997). Халықаралық «Мастер-класс Казахстан-2000» өнер фестивалінің лауреаты. «Құрмет» орденімен марапатталған (2001). Қылқалам туындылары Санкт-Петербург, Нью-Йорк, Амстердам, Варшава, Вроцлава, Берлин, Штутгарт, Мюнхен және Алматының музейлері мен көрме залдарында қойылған. Жеке көрмелері Павлодар, Астана, Алматы, Санкт-Петербург, Омск және т.б. ТМД қалаларында өтті.
Валерий Михайлович 1949 жылы Мурманск қаласында дуниеге келген. Металл көркем өндеу Красносельский училищесінің скань-эмаль бөлімін бітірген (1970). Қазақстан суретшілер Одағының мүшесі (1981); ҚР көркемсурет Академиясының корреспондент-мүшесі (2008). 1969 жылдан бастап аймақтық, республикалық, облыстық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелердің қатысушысы. Қылқалам туындылары Ә.Қастеев атындағы БӨММ қорында (Алматы), Павлодар көркемсурет музейінде, ҚСРО мәдениет Министрлігінің ККД-да (Мәскеу), Қазақстан СО көрме дирекциясында (Алматы), Қазақстан және шет елдерінің жеке жинақ коллекцияларында сақталған.