Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінде суретші Георгий Макаровтың шеберлік сабақтары
Бір аптаданың ішінде көптеген оқиғалар орын алды! Георгий Макаров көрмесінің ашылуы, үш шеберлік сабақ, көптеген адамдар және ұмытылмас әсерлер! Біз сіздерді көрме туралы мақаламен таныстырдық, ал, бүгін шеберлік сабақтар жайлы айтуды ұйғардық.
Сонымен, айылғандай, олар үшеу еді: «Акрил кескіндеме. Құрғақ бояу жаққыш қылқаламмен жұмыс», «Спонтанды сызық. Графикалық сурет пен бейнелерді жасау» және «Коллаж. Матисс бақтары». Оларға музейдің балалар көркемсурет студиясының ересек тобының балалары қатысты.
Енді залға шеберлік сабақтарына барайық.
Акрил кескіндеме. Құрғақ бояу жаққыш қылқаламмен жұмыс»
Міне, кілт. Тағы біреуі. Олар қағаз парағында жатыр. Тек болашақ жұмыс үшін объект ретінде. Акрил бар, онымен қара фон орнатылады. Штрих, жолақ, дақ, басқасы…, және фонның күңгірттігінен пішін пайда болады, кілт және оның жанында оның туыстасы орын алады. Тағы біраз түс қосайық, енді ақшылдана түсті. Міне көлем. Құрғақ қылқалам ізді тегістей отыра, үстіңгі бетіне тегістік береді. Сұр түсті қосайық, соңынан ақ түсті. Кенеттен кілттерде жарық пайда болды. Металл жарқырай түсіп, пішіннің иілістері айқын көрінді. Біз жіпті қызыл және қоңыр түстердің бірнеше штрихтарымен белгілей отыра, байлаймыз. Осы қағаз парағындағы барлық кілттер қазір суретшінің туындыларында. Ол меңгерілген ғажайып!
«Спонтанды сызық. Графикалық сурет пен бейнелерді жасау»
Сіз күрделі әңгіме немесе қызық емес дәріс кезінде қаламыңызбен қағаз бетіне із қалдыра жүргізу арқылы өздігінен пайда болған суретті қарап таң қалдыңыз ба? Бұл адамның бейсаналық түрде сызық шығарудың ерекше қабілеті, содан кейін біздің санамыз бейнелерді аяқтайды. Ал егер бұл мүмкіндікті суретші қолданса? Сонда көркем туынды шығар еді. Міне, біздің мастер-класс. Парақтың ақ бетінде түзу, содан кейін иіле, содан кейін бүгіле, содан кейін бүйір жағына ығыса шыққан сызықтың түсуі. Сана процесті басқармайды, тек қол. Ол кейінірек сызықтардың қиылысуында кенеттен кескін немесе оқиға немесе оқиға орны пайда болған кезде қосылады. Содан кейін штрих, нүкте, тіпті дақ өз орындарын табады. Міне, тағы да бір ғажайып!
«Коллаж. Матисс бақтары»
Бала кезімізде біз бәріміз аппликация жасадық. Қағаздан ваза қиып, картонға жапсырып, гүлдер қосып, анамызға қолдан жасаған открыткамызды сыйлайтынбыз. Ал қиындыларды не істеуші едік? — лақтыратынбыз! Бірақ Анри Матисс оларды тастамайды. Әр қиынды жаңа кескіндеме немесе кескіндемедегі жаңа элемент ретінде өз орнын тапты. Коллаж жасаудың дәл осындай әдісімен студия оқушылары шеберлік сабақта оқып танысты. Олардың жасаған жұмыстары: натюрморттар, пейзаждар, қиял-ғажайып сюжеттер болып шықты.
Шығармашылық деген, тылсым дүние ғой. Бұл әдеттегідей жан-дүниенді ашу деп айту. Бірақ бұл фраза тым қарапайым және барлық сезімдер мен тәжірибелерді ашпайды. Басқалай айтқанда…
Шығармашылық деген, тылсым дүние ғой. Онымен тыныстау оңайырақ және әлем жаңа түстермен жарқырай түседі. Осы шеберлік сабақтарын өткізген керемет алматылық суретші Макаров Георгий Станиславовичке, бізді үлкен қауанышқа бөлегеніне мың алғыс!