Студия оқушылары қатарына детективтік ритуал арқылы қабылдау
N қаласында тосын оқиға орын алды. Бір мезетте бірнеше өнерге қатысты қылмыстар жасалды: қалалық музейге елес қонып, картиналар галереясынан бағалы туынды жоғалып, белгілі суретші із-түссіз ғайып болып, жеке коллекцияда жалған туынды табылды.
Осы жұмбақ оқиғаларға болашақ суретшілер-жеке детективтер араласады, өйткені полиция бұл «күдікті» қылмыстарды тергеуге асықпайды.
Картаға қарап, топтарға бөлінген олар іздеуді бастайды. Әр қадам — сыр мен жұмбаққа толы, әр із — өнер әлемінің жасырын құпиясына жетелейтін сапар.
Ал енді — музей. Бұл шын мәнінде таңғажайып! Ғылыми тұрғыдан түсінуге келмейді, бірақ факт — дәл осы. Музейде елес пайда болды. Қызметкерлер жұмыстан кетіп, келушілер оны айналып өтеді. Музей жабылудың аз-ақ алдында тұр.
Сонымен қатар соңғы қорған — өнер қазыналарын сақтаушы, мадам Кларисса фон Пятно. Ол жұқаша келген қылқаламдай сезімтал жүрегі бар, өнерге толы, бірақ нерв жүйесі тым әлсіз нәзік әйел. Қорқынышқа қарамастан, ол сақшы мистер Сэм Скрипті бас салып, мықтап ұстап алады. Ал Сэм өз шешімінде берік: әрбір сыбдырдан қорқып, музейден мүмкіндігінше тез кеткісі келеді, бірақ сыртынан қарасаң ештеңеден қорықпайды деген әсер қалдырады. Полиция деректерді жасырып отыр, дегенмен, полиция сержанты Барни Крук істі тергеуге дайын екенін көрсетеді. Ал сенсация аңшысы журналист Оливер Щёлкфлэш, полицияның әрекетсіз екенін айтып, жас детективтердің — шындыққа жетудің соңғы үміті екенін мәлімдейді. Олар куәгерлерден: қатты мінезді, елестерге сенбейтін мадам Гертруда Счётс пен шеберлігімен тіпті мәрмәр бюсттерді тізбектей қақшитып тұрғыза алатын еден тазалаушысы Глория Швабраментодан жауап ала бастайды.
Тапсырмаларды орындап, айғақтарды тауып, болжамдар жасап, қорытындылар шығара келе, детективтер ақыры қылмыскерге шығады.
Ал кім екен ол? Шын мәнінде елес пе? Әрине, жоқ! Қылмыскер жанымызда — бұл Глория Швабраменто!!! Музей тазалаушысы, өз рөліне наразы, өзіне назар аудартқысы келетін, музейде кім басты екенін көрсетуге ұмтылатын әйел болып шықты.
Енді жоғалған картинаға кезек келді — «Версальдағы қыз». Көрме кураторы Софи Леруа, нәзік әрі талғампаз, шатасып, абдырап тұр. Ал жас пинкертондар болса, қайда бару керегін нақты біледі. Олар медиум мадам Селестеге жол тартады, суретшінің рухымен жүздесуге. Мадам Селесте оларға рухтан келген хабарламаны жеткізеді: «Басқалар туралы жазатын адам өзінің бейнесін бұрыннан жоғалтқан». Іздеу жолдары оларды қайта редакцияға, сол журналист Оливер Щёлкфлэштің алдына жеткізеді, одан кейін қайтадан полиция штабына апарады. Ал ақыры олар Версаль атты кафеде бариста қыз Кэттиді табады. Міне, сол картинаның кейіпкері де, суретшінің жүрегінің сыры да — өзі еді. Ол туындыны тек сүйіктісінің естелігін сақтап, махаббаттың мәңгілік ұшқынын өзімен бірге алып қалу үшін ұрлаған.
Қаланың басқа бөлігінде суретші із-түссіз жоғалып кеткен! Суретшінің әйелі Мари Мортон күйеуі Винсент Мортонның жоғалғанын хабарлайды. Оның бөлмесінен кездесуге арналған жыртылған хат пен И.К. инициал табылды. Іздеу қайтадан редакцияға апарады — құпия мен жасырын интригалардың ошағына. Жазбадағы инициалы — журналист Ив Крамерге тиесілі, ол өз кінәсін жоққа шығарады, бірақ біртүрлісі, киімі бояуға боялған! Бұл өте күмәнді! Сол кезде істің жаңа кейіпкері пайда болады — бояу сатушы Берта Дюваль. Із ізге қосылып, жаңа күдіктілер мен куәлар сұралу барысында, детективтер ақыры суретшінің әйелі Мариға жетеді. Міне, шын мәнінде бәрі осы жерде басталады: ол өз күйеуін қамап қойған, өйткені оның картиналарын ұрлаған адам — өзі, Мари! Барлық туындыларға Винсент қол қойып, даңқ сәулесіне бөленген, ал нағыз суретші, Мари, әлі күнге дейін көлеңкеде қалып келген.
Ал жалған туындыға не болды? Ол бай коллекционер Элоиза ван дер Райденнің үйінде табылды. Картина реставрацияда Рафаэль Лоранда, Кларисса фон Пятноның бауыры, демек кінәлі өзі! Суретшіден жауап алу керек! Алайда Рафаэль мәлімдейді: картина бұдан әлдеқайда бұрын ауыстырылған екен. Ол реставрацияға алған туындының өзі жалған болып шыққан. Содан күдікке үй иесі, Лоренс ван Аллен де ілігіп отыр. Бірақ ол да өз кінәсіздігін дәлелдейді. Сонда кім жалған туындыны жасаған? Ақыры бәрі күтпеген жерден белгілі болды, және шын мәнінде бұл таңғалдырды! Көшірме жасаушы суретші Клара Морено жалған туындыны тапсырыс беруші Элоизаның сұрауымен жасағандығын мойындайды. Ол картинаны қара нарықта түпнұсқа ретінде сатуды көздеп, ал кінәні кедей реставраторға арта салам деп шешкен.
Бірнеше қылмыс бірден! Бұл оңай шаруа емес еді. Ол үлкен зейін мен терең талдауды талап етті. Детективтер дәптерлеріне келесі: «…көргенмін картинаны екі күн бұрын…», «…түпнұсқаны сақтау керек…», «…И.К…деген біреу», жазбалар қалдырып отырған.
Бірақ ақыры барлық қылмыскерлер ұсталды, ал жас детективтер үлкен залға беттеді. Сахнасы мен орындықтары бар кең залда студия оқушылары қатарына қабылдау рәсімі өтеді. Өйткені елес, ұрлықтар мен картинаны ауыстыру жайлы бүкіл тарих — Невзоровтар отбасы атындағы облыстық бейнелеу өнері музейінің қызметкерлері ұйымдастырған спектакль ғана екен. Бұл ойын жас суретші студиясының оқушыларына арналған.
Шевцова Анна Анатольевна, Ажханова Назым Серхановна, Шинжина Лаура Вахаевна, Стопычева Ксения Юрьевна, Неделькина Наталия Сергеевна, Сивашова Юлия Валерьевна, Неудачина Ольга Андреевна, Шестакова Лариса Алексеевна және жас актрисалар — «Четвёртая стена» балалар театр студиясынан Таира Добрынина мен Амира Мұхаметқан, сондай-ақ студияның жоғарғы топтарының оқушылары жаңа түскен студия оқушыларына осы керемет мерекені сыйлады: қызықты тергеу, шытырман оқиға және сан алуан әсерлер.




















