Сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафон шеңберінде «Адал жол-Честный путь» сыбайлас жемқорлыққа қарсы плакат көрмесі
Ағымдағы жылдың көктемінде Қазақстанда «Адал жол – Честный путь» атты жемқорлыққа қарсы марафон басталды. Марафонның мақсаты азаматтарды сыбайлас жемқорлықпен күреске біріктіру және барлық қазақстандық қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысын осы процеске тарту болып табылады. Бүкіл ел бойынша халықтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыруға бағытталған кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру және мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.
Сыбайлас жемқорлық-күрделі әлеуметтік құбылыс. Ол қоғамның тұрақтылығына нұқсан келтіреді, дамуға қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімнің төмендеуіне ықпал етеді, экономиканы, қоғамның адамгершілігін бұзады. Сыбайлас жемқорлыққа мемлекет, бизнес, БАҚ, халықаралық және шетелдік ұйымдар қарсы тұра алады және қарсы тұруға тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру – бұл бүкіл қоғамның, біздің әрқайсымыздың ісіміз деп түсіну қажет…. Сыбайлас жемқорлықтың өзегін жоймағанша ол өзі жойылмайды.
Бұл талпыныста әлеуметтік плакаттың тәрбиелік функциясы зор маңызға ие. Ол қазіргі қоғам проблемаларына дүниетанымды қалыптастырады, өз іс-әрекеттері мен қылығы үшін жауапкершілікті тәрбиелейді, өскелең жастардың санасы мен әлеуметтік белсенділігін дамытады. Сол себепті музей қызметкерлері «Өмірден көз жазып қалма!» атты әлеуметтік плакаттың халықаралық конкурсын өткізу идеясын ойластырып, іске асырды. Ол 2017 жылдың мамыр айында «Музей түні» атты көркем акция аясында өтті. Байқауға 140-тан астам танымал дизайнерлер, оқытушылар, театр суретшілері, сәулетшілер, иллюстраторлар, сондай-ақ жас авторлар мен студенттер қатысты. Бұл Қазақстан, Ресей, Қырғызстан және Белоруссия плакатшылары. Барлығы 400-ге жуық жұмыс келіп түсті.
Бүгінгі көрмеде сыбайлас жемқорлық тақырыбында байқау жеңімпаздары мен қатысушылардың жұмыстары ұсынылып отыр. Бұл плакаттар Сергей Мосиенко «Подайте!» (Ресей, Новосібір, «Профи» номинациясы бойынша ынталандыру сыйлығы); «Спонсора!» Людмила Васильева-Линецкая (Ресей, Мәскеу); «Не порежься!» Александра Врадий (Қазақстан, Семей); «Елки хотят жить» Ольга Косенкова (Ресей, Самара) және алматылық танымал суретші Сағидолла Ахтановтың сыбайлас жемқорлық тақырыбындағы жұмыстарының топтамасы (1 орын).