Spread the love

Төлеуғазы Рахымұлы Жұванышев дүниеден өтті

Қаламыздың бүкіл көркем өнер қауымдастығы қара жамылды. Бүгін түнде Төлеуғазы Рахымұлы Жұванышев – суретші, Қазақстан суретшілер одағы бөлімшесінің төрағасы, педагог өмірден өтті. Кеше ғана музейде оның жеке көрмесі ашылған еді, ал бүгін бұл кенеттен болған қайғылы оқиға әркімнің жүрегін мұңға толтырды.

Төлеуғазы Рахымұлы 1959 жылы Семей қаласында дүниеге келген. Н.К. Крупская атындағы Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетін бітіріп, осы оқу орнында бейнелеу өнері кафедрасының аға оқытушысы болып қызмет атқарды. Ол үнемі көркем көрмелерге қатысып отырды. Оның шығармалары тек біздің коллекцияда ғана емес, Шығыс Қазақстан облыстық өнер музейінде және жеке жинақтарда да сақтаулы.

Төлеуғазы Жұванышев сан қырлы суретші. Ол кескіндеме мен графика саласында еңбек етті. Оның сүйікті жанрлары  портрет және пейзаж. Суретші шынайы тірі натурамен жұмыс істеуді жақсы көрді – жарықтың ойынын көруді, эмоцияны сезінуді, бейненің мінезін ұғынуды маңызды санады.

Абай облыстық Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейі Төлеуғазы Рахымұлы Жұванышевтің дүниеден өтуіне байланысты қайғырып, марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Бұл қаламыз бен өңіріміздің мәдени өмірі үшін орны толмас қаза!

Scroll to Top