Жастық шаққа саяхат
Невзоровтар отбасы атындағы бейнелеу өнері музейінде «Музей түні. Тарихи» мәдени шарасы аясында, музей қорынан «Жастық шаққа саяхат» атты көрме есігін айқара ашты. Бұл – ескі Семей көшелерімен ойша серуендеп, өткен күнге деген сағынышты сезініп, талантты суретшілердің еңбектерінен эстетикалық ләззат алуға мүмкіндік беретін бірегей сәт.